Құран Кәрімнің қазақ тіліндегі түсіндірмелі аударма

Категория:

8,000 KZT

Количество

Описание

Егер жүрегім қалап, сүйген, ол да мені ерекше жақсы көретін, хабарын асыға күтетін жаннан маған, иә, дәл маған арналған хат келсе, қандай күйде болар едім? Жүрегім дүрсілдеп, сол хатты тағатсыздана ашып, оқуға асық болар едім. Әрбір сөз, үтір-нүктесін қалдырмай, мұқият оқып, жаныма дауа табамын. Бір оқығанымды 100 қайтара оқысам да, құмарым қанбайтындай. Тіпті жаттап алуға бармын. Қағаздың шіріп, сарғайып кетерін білсем де, оны барынша сақтауға тырысам. Қағаз бетінде қалмаған күннің өзінде, жүрегімде жазылып қалатын сөздер ғой бұл! Бұл – менің сүйіктімнің сөзі, бұл — менің сүйіктімнің сөзі! Хаттағы әр сөзден оның маған деген ерекше ықыласын сезіп, ішім жылып, шабыттанып, төбем көкке екі-ақ елі жетпегендей болар еді…

Ал енді мені ешкімде жоқ ерекше махаббатпен сүйген Алладан келген ұлы хат – Құранды қолыма алғанда, жүрегім дәл солай елжірей ме екен?!

Құран Кәрімнің қазақ тіліндегі түсіндірмелі аудармасын ұсынамыз. Дизайны ерекше, түсінуге жеңіл тартымды стильде жазылған бұл еңбек сізге ұнайды деген сенімдеміз.

Обзоры

Отзывов пока нет.

Будьте первым, кто оставил отзыв на “Құран Кәрімнің қазақ тіліндегі түсіндірмелі аударма”

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сервис звонка с сайта RedConnect